Меню KDT

logo.png

КГУ «Средняя школа №7»
г. Петропавловска
  • ru
  • kz
  • en
  • Новости

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген онкүндік


         2019 жылы  07-17 қазан аралығында  Петропавл қаласындағы №7 орта мектепте  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндік өткізілді. Онкүндік шеңберінде  қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған бірінші қабатта «Үш бәйтерек, үш діңгек» атты көрме,  «Қазақтың үш бәйтерегі» атты мәнерлеп сайысында ақиық ақындардың  шығармалары мен оларға арналған өлеңдері оқылды.  Сайысқа 6-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушыларды мәнерлеп оқуларына қарай бағаланып, мадақтамалармен марапатталды. «Әбіш Кекілбаев - ұлы тұлға» тақырыбында кітапханада көрме ұйымдастырылды. Кітапханада жоғары сыныптар арасында «Фариза Оңғарсынованың жыр әлемі» тақырыбына поэзия кеші өткізілді. Фариза Оңғарсынова– биік сезімнің ақыны. Фариза Оңғарсынова - ақын, халықтың ұғымында үлкен әріппен, алтын әріппен жазылатын ақын. 5,7 – сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ғаламдық экология мәселелері», «Қызыл кітап» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. Мұғалімдердің ашық сабақтары, үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізілді.  Оқушылар сабақтарда белсенді қатысты. Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.3-сыныпта  «Өз тіліңді құрметте!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 5-сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» викторинаны өткізу арқылы мақал- мәтелдердің тәрбиелік маңызы ашылды. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет апталығы  бүгінгі өзекті тақырыптарды қамти отырып, оқушылардың дүниетанымы мен танымдық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты.










    17.10.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    prez_img.jpg

    О Государственных символах РК

    Электронное правительство

    Проект "Рухани жаңғыру"

    Акция "От двери к двери"

    Блог директора

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки