Меню KDT

logo.png

КГУ «Средняя школа №7»
г. Петропавловска
  • ru
  • kz
  • en
  • Новости

    Үш бәйтерек


    «Үш бәйтерек – үш алып» (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің туғанынан 125 жыл толуына орай)

               Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін ерен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 125  жыл толып отыр. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді. Биылғы жылды Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жастар жылының игілігін ең алдымен жастардың өзі көруі керек»,- деген нақты тапсырмасы аясында еліміздегі дарынды жастардың шығармашылық тұрғыда дамуына қолдау көрсету – қоғамдағы кезек күттірмейтін басты мәселе екені сөзсіз. Өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықты сіңіру арқылы елі мен жеріне жанашыр болып, жауапкершілікпен қарайтын, жаһандық көзқараста ойлай алатын, бүгінгі қоғамның нағыз идеал тұлғасын қалыптастыру көзделіп отыр.Биыл қазақ өркениетіне, оның ішінде еліміздің мәдениеті мен әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, Үш Бәйтерек атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойын ел көлемінде атап өту жоспарлануда. Аталған ұлы тұлғалардың кешегі жүріп өткен жолы бүгінгі шәкірттерге үлгі болары анық.Алыптардың артына қалдырған мол мұрасы мен адал еңбектерін өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып, ел көлемінде насихаттау басты мақсатымыз болмақ. Осындай маңызды құндылықтарды негізге ала отырып, «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры 01.09.-20.10.2019 жыл аралығында «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқудан республикалық байқау өткізді. Осы байқауға «№7 орта мектеп» КММ оқушылары белсене қатысты. Үш ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, әуесқой бейнетаспа арқылы жіберілді. Қатысқандар- Жұмашева Мөлдір, Устемирова Нурай-6«Ә» сынып, Байболова Зарина, Каиржанова Карина-7«Ә» сынып, Байболова Индира-8«Ә» сынып, Чурак Полина-6«А» сынып, Салимжанов Амир-7«Б» сынып оқушылары. Осы оқушылардың жіберген бейнероликтерін арнайы тағайындалған кәсіби мамандар көріп, қорытындысын шығарды. Оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, Дипломдармен марапатталды. Оқушыларды дайындаған ұстаздарға Курманкулова А.А., Бекматова Б.Е., Мухамеджанова К.Г. Алғыс хат берілді.










    05.11.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    prez_img.jpg

    О Государственных символах РК

    Электронное правительство

    Проект "Рухани жаңғыру"

    Акция "От двери к двери"

    Блог директора

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки